Колумбияда шағын кеме апатқа ұшырады

Колумбияда шағын кеме апатқа ұшырады

Дауыл салдарынан су көлігі аударылып қалған. Колумбия теңіз әскері дер кезінде көмекке келіп, шағын кемеде болған 24 адамды құтқарып алды.

Аман қалғандардың 22-сі турист, қалған 2-уі экипаж мүшесі. Олар туристер үшін танымал орын - Хуанчако ауылына бара жатқан.

- Колумбияның әскери-теңіз күштеріне алғыс айтқым келеді. Рас, жеке заттарымыздан айырылып қалдық. Бірақ бәріміз дін аманбыз.