Украинада егін жинау науқаны басталды

Соғыс жағдайындағы Украинаның Одесса облысында егін жинау науқаны басталды.

Биыл 1 миллионнан астам гектар алқапқа дәнді дақыл себілген. Шаруалар қазір арпа орумен айналысып жатыр. Өңір диқандары өнімді экспорттаудың жаңа бағыттарын іздеуге кіріскен. Жалпы биыл және келер жылы егінді қамбада сақтау қиындай түседі деген қауіп бар. Өйткені қоймалардың көбі былтырғы өнімге толып тұр. Қарулы қақтығысқа байланысты Қара теңіздегі порттардың жабық тұруы және тауар тасымалындағы іркіліс кесірінен астық сату мүмкін емес.