АҚШ-та жасанды түсік жасату құқығын алып тастауға қарсы шеру өтіп жатыр

АҚШ-та әйелдердің түсік жасату құқығын алып тастауға қарсы наразылық жалғасып жатыр. Ереуіл бірнеше ірі қалада өтті. 

Лос-Анджелесте шерушілер полициямен қақтығысты. Бұл бейнежазбаны әлеуметтік желі қолданушылары таратқан. Тәртіп сақшылары қарап тұрмай, көзден жас ағызатын газ қолданған және бірқатар белсендіні қамауға алған. Жоғарғы сот 1973 жылы қабылданған түсік жасатуға конституциялық құқық беретін заңның күшін жойған болатын. Осыдан кейін бүкіл елде мыңдаған америкалық наразылыққа шықты.