Бассейнге буркини киіп түсу заңдастырыла жаздады

Францияның Гренобль қаласындағы қыз-келіншектердің қуанышы ұзаққа созылмады.

Өткен айда жергілікті билік қоғамдық бассейндерде мұсылман әйелдердің суда шомылуына арналған костюм, яғни буркиниді киюге рұқсат берген еді. Алайда үкімет бұл шешімге қатысты шағым түсіріп, елдің жоғарғы әкімшілік соты арызды қанағаттандырған. Сөйтіп, Францияда қоғамдық орындарда бұрынғысынша қыз-келіншектерге буркини киіп жүруге тыйым салынды. Өйткені сот шешіміне сәйкес, бұл зайырлы мемлекет қағидаттарына қайшы келеді.