Рим Папасының тұрғылықты мекенінде аптап ыстық болып тұр

Ватиканда күн шыжып тұр. Сынап бағанасы 38 градусқа жетті.

Сарапшылар мұндай аптап кейінгі 70 жылда алғаш рет тіркелгенін айтады. Елге келген туристер салқын су ішіп, шатырларды паналап, жан шақырып жүр. Батыс Еуропада температура өткен аптадан бастап көтерілген болатын. Осыған байланысты тұрғындар арасында климат өзгерісіне қатысты алаңдаушылық көбейген.

- Жеңіл киініп, суды көп ішіп жүрмін. Ауыстыру үшін сөмкеде үнемі артық киім жүру керек. Мұндай ыстықты бұрын-соңды көрген емеспін.