Италиядағы құрғақшылық 3 млрд еуро шығын әкелуі мүмкін

Италияда құрғақшылық салдарынан өзен-көлдер тартылып барады. Шаруалар қуаңшылық ауыл шаруашылығына 3 миллиард еуро шығын әкеледі деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта бірнеше айдан бері жаңбыр жаумаған. Диқандар биыл жоспарланған түсім 40 процентке кем болатынын мәлімдеді. Милан мэрі су тапшылығымен күресу үшін субұрқақтарды өшіруге бұйрық шығарған. Ломбардия облысында төтенше жағдай жарияланды. Мұндай режим басқа аймақтарда да енгізілуі мүмкін.