Испания халқы НАТО саммитіне қарсы ереуілге шықты

Испанияның Мадрид қаласында мыңдаған халық НАТО саммитіне қарсы шығып, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдарына жалау ұстап, көшеге шыққан наразылар альянстың таратылуын, әрі Испаниядағы әскери базалардың жабылуын талап етті. Сонымен қатар халық әскери шығынды қысқарту керек дегенді алға тартты.

Айта кетейік, НАТО-ға мүше елдерінің басшылары маусымның 29 мен 30-ы кездеспек. Саммитте Финляндия мен Швецияның альянс құрамына кіру және Еуропаға қосымша әскери күш тарту мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ...