Жапонияда аптап ыстықтан электр қуатына тапшылық туындауы мүмкін

Жапония билігі Токио тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, аптап ыстықтан аймақта электр қуатына деген тапшылық туындау қаупі жоғары. Қазір елде ауа баптағыштар үздіксіз жұмыс істеп тұрғандықтан электр желілерінің жұмысында іркілістер байқалады. Бүгін жергілікті билік ел астанасын жарты сағатқа жарықсыз қалдыратынын хабарлады. Осылайша, Токио мен елдің шығысындағы 8 префектурада электр энергиясын өндіру қуаттылығы 4 процентке дейін қысқармақ.