Колумбияда коррида кезінде көрермендер мінбері құлап түсті

Колумбияда өткен корридада, яғни бұқамен сайыс өнері өткізіліп жатқан кезде көрермендер отырған мінбер құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эль-Эспиналь қаласында орын алған қайғылы оқиғадан 4 адам мерт болды. Тағы 70-ке жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мына бейне кадрларда ағаштан жасалынған мінбердің қирап түскенін көруге болады. Қазір аймақта құтқару іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Үйінділер астында әлі де адамдар болуы мүмкін деген болжам бар.