Иорданияда улы газ таралып кетіп, 13 адам көз жұмды

Иорданияның Акабай портты қаласында зиянды газ таралып, 13 адам ажал құшты.

Кранмен кемеге тиеу кезінде хлор құйылған 25 тонналық цистерна үзіліп кетіп, жарылған. Апат салдарынан тағы 250-ден астам кісі жарақат алды. Билік ауаға улы газ таралғандықтан жақын маңдағы тұрғындарға үйден шықпауды және терезені жабық ұстауды ескерткен. Қазір қайғылы оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бишер Әл-Хасауна, Иордания премьер-министрі:

- Ауруханаға түскен адамдар біртіндеп шығып жатыр. Оқиғаға байланысты құрылған тергеу комиссиясына Ішкі істер министрі жетекшілік етеді. Ұлы мәртебелім мен тақ мұрагері ханзадамыз жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.