НАТО шұғыл әрекет ету күшінің санын 300 мың сарбазға дейін арттырады. Бұл туралы ұйым бас хатшысы Йенс Столтенберг Мадридтегі саммит қарсаңында мәлімдеді.
Қазір НАТО-ның шұғыл әрекет ету сапында 40 мың әскери қызметші бар. Бұдан бөлек Столтенберг НАТО-ның Ресейге қатысты саясатын өзгертетінін де жеткізді. Осы уақытқа дейін стратегиялық серіктес саналып келген бұл ел енді қауіп төндіруші мемлекет ретінде қарастырылмақ.