АҚШ-тың солтүстігіндегі Миссури штатында пойыз рельстен шығып кетіп, жүк көлігіне соғылды.
Жалпы 8 вагон аударылған. Апат салдарынан 3 адам көз жұмып, 50 кісі жараланды. Пойызда бас-аяғы 243 жолаушы мен бірнеше экипаж мүшесі болған. Олар Лос-Анджелестен Чикагоға бара жатқан.
Джастин Дан, Миссури штаты жол полициясының баспасөз хатшысы:
- Көз жұмғандардың екеуі пойызда, ал үшіншісі жүк көлігінде отырған жолаушы. Мамандар оқиға орнында әлі жұмыс істеп жатыр. Апат салдарын жоюға тікұшақ тартылды.
