Түркиядан мұнай кеніші табылды

Түркияның Адана қаласындағы кен орнында жоғары сапалы мұнай табылды.

Ресми ақпаратқа қарағанда қара алтын қоры екі бірдей барлау ұңғымасында анықталған. Жер астындағы байлықтың құны 1 млрд долларға бағаланып отыр. Жоспар бойынша шикізат жыл соңына дейін өндіріледі.  Айта кетейік, бүгінде Түркия аймақта мұнай мен газды барлау бағдарламасын дамытып, инвестиция мен инфрақұрылымды жетілдіру жобасын қолға алып жатыр.