Ресей Кременчугтегі сауда үйін атқылап, 16 адам қаза тапты

Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда орталығы зымыранмен атқыланды.

16 адам қаза тауып, тағы ондаған тұрғын жарақат алған. 10 мың шаршы метр аумағы бар сауда орталығы отқа оранды.

Ел президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, өрт басталғанда ғимаратта жүздеген адам болған.

Ресми Киевтің хабарлауынша, ресейлік әскерилер  шаһарға 2 зымыран ұшырған. Бірі cауда орталығына түссе, екіншісі стадионда жарылды. Мәскеу болса бұл айыпқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Бүгін таңертең Кременчугтегі сауда орталығына жасалған шабуыл Еуропа тарихында болған ең сұмдық террорлық әрекет болды. Бейбіт халық, қарапайым сауда орталығы, ішінде әйелдер мен балалар жүрген. Әуе шабуылы басталғаны туралы дабыл қағылғанға дейін онда мыңға жуық адам болды. Абырой болғанда, көбі құтқарылып, аман қалды. Оларды дереу сыртқа шығарып үлгірдік. Бірақ іште қалып қойғандар да болды. Қазір құтқару операциясы жалғасып жатыр.