Иран мен Аргентина БРИКС құрамына кіруге өтініш білдірді

Иран мен Аргентина БРИКС құрамына кіру үшін өтініш білдірді.

Бұған дейін бұл шешімді Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Саид Хатибзаде хабарлаған болатын. Айтуынша бұл қадам қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.

Кейін Аргентина президенті Альберто Фернандес те ұйымға мүше болу ниетін жеткізді. 2006 жылы құрылған БРИКС ұйымына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдері мүше. Ұйымның жыл сайынғы саммитінде қаржы, ғылыми-техникалық, мәдени және саяси проблемалар жан-жақты талқыланады.