Техаста жүк көліктен 46 адамның мәйіті табылды

АҚШ-тың Техас штатында теміржол бойынан жүк көлігінен 46 адамның жансыз денесі табылды.

"Ассошиәйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың құжаты болмаған. Бірақ полиция оларды мигрант болуы мүмкін деп топшылайды. Сондай-ақ осы жүк көлігінде болған тағы 16 адам анықталды. Арасында кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала бар. Құзырлы органдар оқиға орнын тексеріп, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.