Түркияда селдің салдарынан екі көпір қирап қалды

Түркияда толассыз жауған нөсер жауын жолаушылар мен тұрғындарды әбігерге салды.

Қазір табиғаттың тосын мінезінен Қаратеңіз аймағында 6 провинцияда қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Тасқын салдарынан Кастамонуда екі бірдей көпір опырылып, жан-жағындағы үйлердің бірінші қабатын су басты. Тіпті кейбір аудандарда жергілікті әкімшілік тұрғындарды тысқа шықпауға шақырып, мүгедектер мен жүкті әйелдерді уақытша жұмыстан босатты.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр тап осы аймақта сел жүріп, 82 адам қаза тауып, 16-сы із-түзсіз жоғалған.