Перуде жүк көлігінің жүргізушілері шеруге шықты

Жанармайдың қымбаттағанына ашынған жұрт Кальяо қаласының маңындағы күрежолды жауып тастады.

Ереуілді тоқтату үшін билік төтенше жағдай жариялады. Перуде инфляция деңгейі 8 процентке жетті. Бұл соңғы 24 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Иван Валенсиа, жүк көлігі жүргізушілері одағының басшысы:

- Перуде қазір саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыс қатар жүріп жатыр. Біз саясаткер емеспіз, бірақ нәсібімізді осы жүк тасымалдау кәсібінен тауып отырған адамдармыз. Үкімет жанармай бағасын арзандатуға күш салсын.