476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атамбаев 2020 жылғы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша ақталды

  • 173
  • UPD: 22:28, 28.06.2022
Атамбаев 2020 жылғы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша ақталды

Бішкек аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылы қазанда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген іс бойынша ақтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атамбаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Сот экс-президенттің кеңесшісі Фарид Ниязовты, елдің ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асановты және Атамбаевтың күзетшісі Қанат Сағымбаевты да кінәлі емес деп таныды. 2020 жылы Қырғызстанда парламенттік сайлау өткен еді. Оның нәтижесіне наразы азаматтар кейін көшеге шығып, арты тәртіпсіздікке ұласқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы