Шри-Ланкада жанармай сатылымына шектеу қойылды

Шектеу екі аптаға созылады. Бұл туралы Си-Эн-Эн мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет өкілінің айтуынша, енді жанармай-жағармай тек дәрігерлер, өрт сөндірушілер мен полицейлерге ғана беріледі. Мұндай шара елдегі қорды сақтап қалуға септігін тигізбек. Шри-Ланка кейінгі 74 жылда болмаған экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.