Түркияның Инеболу қаласында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Нөсер жауыннан Инеболу қаласында көпірді су шайып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда толассыз жауған жаңбырдан өзендер тасып, тасқын жүрген. Үйлер мен жолдар су астында қалды. Көлік қатынасы тұралады. Аймаққа 2,5 мың құтқарушы жіберілді. Қазірге дейін 235 азаматтың қауіпсіз жерге көшірілгені белгілі. Қазір өңірде қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Синоптиктердің сөзінше, алдағы күндері де жауын-шашын толастамайды.