Үндістанның Мумбай қаласында төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы бірнеше тұрғын қиранды астында қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оларды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Құтқару операциясына түні бойы жауған қалың нөсер кедергі келтірген. Ауруханаға жарақат алған 10-нан астам адам жеткізілді. Жалпы Мумбайда жауын-шашын кезінде ғимараттардың опырылып түсуі жиі кездеседі. Мамандар құрылыстардың сапасыз салынғанын айтып отыр.