Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден қуды

Оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылды. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап етті,

деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, 2 елдің арасы Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ушықты. Мәскеу бұл шешімге байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Кирилл Петков, Болгария премьер-министрі:

- 70 Ресей дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдадық. Біздің барлаушылар олардың Болгарияның мүддесіне қарсы жұмыс істегенін анықтады. Осы маңызды операцияны сәтті өткізген Болгарияның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігін құттықтағым келеді.