Литва Ресей газына тыйым салды

Жуырда ел парламенті тиісті заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Литваның газ тасымалдау жүйесіне және Клайпедадағы сұйытылған табиғи газ терминалына «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін» елдердің тасымалдаушыларына кіруге заңдық тұрғыдан рұқсат жоқ. Десе де, Литва арқылы Калининградқа өтетін газ транзиті сол күйінде қала бермек.