НАТО қалай құрылды?

НАТО-ның әу бастан алға қойған мақсаты  – Еуропаны КСРО-ның ықпалынан қорғау болды. Альянс құрамы 8 рет өзгерді. Алғашқылардың бірі болып Түркия, Грекия , Германия мен Испания енген. Ал, қырғи-қабақ соғыс басталғанда 66-жылы блоктан Франция бөлініп шығып, кейін 1993 жылы қайта қосылды. Бүгінде бұл ұйымға әлемнің 30 елі мүше. Соңғысы болып Солтүстік Македония кірді. 

Арайлым Жақсылыққызы, тілші:

- НАТО-деген атаумен белгілі әскери-саяси одаққа бастапқыда 12 мемлекет мүшелік етті. 1949 жылдың  4-ші сәуірі ұйым үшін тарихи сәт. АҚШ, Канада мен Батыс Еуропаның 10 елі Вашингтонның Солтүстік Атлант келісім ұйымының құрылуына қол қойды.

Құжаттың 5-бабында «Еуропа мен Солтүстік Американың одақтас-елдерінің біріне қандай да бір әскери басқыншылық жасалса, ұйымның бүкіл мүшесі жауға қарсы тұрады» деп жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл барлық ел әскерін тартып, соғысқа араласа алады дегенді білдіреді.

Гарри Трумэн, АҚШ 33-президенті:

- Бұл қарапайым құжатқа қол қойған ел БҰҰ-ның бейбіт қағидаларына берік болуға келісті. Бір-бірімен достық қарым-қатынас пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бел буды. Одаққа мүше мемлекеттің аумағы мен тәуелсіздігіне қатер төнгенде бірлескен кеңес өткізілетін болады. Шабуылға тап болған кез келген елге әрқайсысы көмекке келуге дайын болады.

1994 жылы Солтүстік-атлантикалық әскери альянс «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасын іске қосты.  Оған мүше болған ондаған елдің қатарында Қазақстан да бар. Бағдарлама әскери жоспарлау мен оқу-жауынгерлік дайындықта НАТО-мен серіктестікті дамытып, альянспен ықпалдаса алатын гуманитарлық, бітімгерлік және басқа да операцияларды өткізуге бағытталды.

НАТО жайлы қызық дерекке тоқталсақ. Альянс құрамында бола тұра өзінің әскери құрылымы жоқ жалғыз ел - Исландия. Әскерилерден түбегейлі бас тартқан бұл елдің азаматтары өздерінің қауіпсіздігіне толық сенімді. Қорғаныс тұрғысында Исландия толық НАТО-ның көмегіне жүгінеді.

Ллойд Остин, АҚШ-тың Қорғаныс министрі:

- Серіктестеріміздің жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, уағдаласқан келісімдердің аясында әрекет етеініне санемін. Бұған бәріміз де мұқтажбыз. Бас хатшы Йенс Столтенберг қарулы күштерімізді тез арада өңірлерге жіберуге тырысамыз.

Жалпы Альянсқа мүше мемлекеттердің  қорғанысқа жұмсайтын шығыны әр түрлі. Ең қомақты қаржыны АҚШ бөледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша НАТО-ға жұмсалынған сома 811 млрд. доллардан асты. Кейінгі орында Ұлыбритания, Франция мен Германия тұр. Ал, жуырда Испания мен Канадада мыңдаған халық НАТО-ға қарсы шығып, ереуіл ұйымдастырды. 

ИСПАНИЯДА НАТО САММИТІНЕ ҚАРСЫ ЕРЕУІЛ

Көшеге шыққан наразылар альянстың таратылуын, әрі Испаниядағы әскери базалардың жабылуын талап етті. Сонымен қатар, халық мемлекет қазынасынан бөлінетін әскери шығынды қысқарту керек дегенді алға тартты.

«Қару-жарақ саудасы мен адам өлімінен шаршадық. Олардың қандай шешім қабылдайтынын бәріміз білеміз. Барлық қаржы біздің қалтамыздан жұмсалады. Сондықтан НАТО-ға қарсымын. Америкалықтар кетсін. Әскері мен қаруын да ала кетсін. "

Бүгін Испанияның дәл осы шаһарында  НАТОға мүше мемлекет басшыларының саммиті басталады. Алқалы жиында Еуропаға қосымша әскери күш тарту мен Финляндия мен Швецияның альянс құрамына кіру мәселесі қаралады. 

Соңғысына Түркия қарсы шығып вето жариялаған. Анкараның айтуынша  бұл скандинавиялық мемлекеттер Түркияға қауіп төндіретін күрд содырлары мен басқа да лаңкестік топтарды қолдайды.  Жалпы бұл мәселеге қатысты Түркияның келісімі өте маңызды. Өйткені әскери одақ өз шешімдерін консенсуспен қабылдайды. Яғни оның құрамындағы 30 елдің кез келгені жаңа мүшеге вето қою құқы бар.

Авторы: Арайлым Жақсылыққызы