Канадада банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді

Канаданың Британиялық Колумбия штатында банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақат алған 6 сақшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік күдіктілердің көлігінде жарылғыш зат бар деген ақпарат болғанын, соған байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді. Төтенше оқиға болған Саанич қаласы АҚШ-пен шекара бойында орналасқан. Полиция толық ақпаратты кейін тарататынын хабарлады.