Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО құрамына кіруін қолдайды

Мадридте өткен келіссөздерден кейін үш елдің басшысы ортақ меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Стокгольм мен Хельсинки Анкараның бірқатар талабына келісіп, оларды орындауға кепілдік берді. Бұл туралы Түркия тарапы хабарлады. Мақұлданған құжатта қару-жарақ экпортына салынған шектеулерді жою мен терроризммен күрес мәселелері қарастырылған. Келісім Швеция мен Финляндияның Солтүстік Атлантикалық ұйым құрамына кіруіне жол ашады.