Оңтүстік Кореяда инфляция шарықтап тұр

Бағаның қымбаттауынан  тұрғындар бұрынғыдай мейрамханаға жиі бармайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның орнына азық-түлік дүкендеріне келушілердің саны артты. Украинадағы қарулы қақтығыстың салдарынан аймақтағы бидай экпорты қысқарып қалған. Сеулдің кейбір дүкен желілері кеңсе қызметкерлеріне арнап жеңілдіктер ұсына бастады. Жалпы БҰҰ-ның мәліметі сәйкес әлемде азық-түлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда 23 процентке артып кетті.