Жапонияда аптап ыстықтан 4 адам көз жұмды

Жапонияда аптап ыстықтан ауруханаға түскендер қатары рекордты деңгейге жетті.

Кейінгі бір аптада Токио, Сайтама мен Осака емханаларына 4,5 мыңнан астам адам жатқызылды. Төртеуі көз жұмды. Жапонияда термометр көрсеткіші 40 градустан жоғары. Кейінгі 12 жылда мұндай ыстық болған емес. Билік өкілдері азаматтарды көшеге шығудан бас тартып, көбірек су ішуге шақырып жатыр.