476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

  • 150
  • UPD: 23:54, 29.06.2022
Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорнияда орман өрті дес бермей тұр. Қызыл жалын Новато қаласы маңындағы алқапты жалмап жатыр.

Аз ғана уақыт ішінде тілсіз жау 50 гектар жерді шарпыған. Өрттен шыққан түтін көлік қозғалысын тұралатып тастады.

Мамандардың айтуынша, өрт қоқыс тастайтын жерден шыққан. Әзірге оның 75 проценті бақылауға алынды.

 

Хабар 24 телеарнасы