Украина билігі халықты коменданттық сағат ережелерін сақтауға шақырды

Украина билігі халықты әуе дабылына бей-жай қарамай, коменданттық сағат ережелерін сақтауға шақырды. Өйткені қалаларды зымыранмен атқылау қаупі әлі де өте жоғары. Айта өтейік, қарсылас тараптың зымыран ұшырғаны немесе оның ұшақтары көкке көтерілгені расталған жағдай сайын Украинада әуе дабылы іске қосылады. 

Ирина Венедиктова, Украинаның бас прокуроры:

- Ересек азаматтардың бәрі әуе дабылын естіген кезде қайда жүрсе де, қалада болса да бірден қауіпсіз жерге жасырынуы қажет. Себебі бізде қазір соғыс жүріп жатыр. 

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек

Ауғанстанда Хост пен Пактика провинцияларында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетілетін орталық ашылды. Өйткені дәл қазір жарты миллионға жуық адам көмекке мұқтаж. Көбі зілзаладан үй-күйсіз қалған. Азаматтарға медициналық жәрдем қажет. Соңғы ақпар бойынша қазірге дейін Пәкістан, Иран, Қытай мен өзге де мемлекеттер Ауғанстанға өзінің гуманитарлық көмегін жіберген. Жалпы БҰҰ-ның дерегі бойынша тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз етіп, зілзаланың салдарын жоюға 100 миллион доллардан астам қаражат керек. 

Күн сайын әр түрлі ауданға 3-4 жүк көлігі жіберіледі. Әзірге көмек көрсету операциясы ойдағыдай жүріп жатыр. Зілзаладан зардап шеккен азаматтардың бәріне қол ұшын созу біздің борышымыз. 

Италияда аптап ыстық болып тұр 

Италияда аптап ыстық басылар емес. Күн күйдіріп тұр. Қапырықтан тұрғындардың тынысы тарыла түскендей. Сондықтан болар 40 градус ыстыққа шыдай алмаған жұрт салқын су ішіп, субұрқақ жанын жағалап жүр. Күннің күрт ысуы тек тұрғындар мен туристерге ғана емес, егістік алқаптарына да кері әсерін тигізіп жатыр. Ыстықтың беті қайтпаса, тұтастай қурап кете ме деген қауіп бар. Қазірдің өзінде елдегі су қоймаларының деңгейі төмендеп, өзендер тартылып жатыр.

БЛИЦ

- Әдетте мұндағы ауа райы қандай болатынын білмеймін. Бірақ қазір күн өте ыстық. Меніңше, бұл климаттың өзгеруімен байланысты. 

- Өте ыстық. Маусымда мұндай ыстық ешқашан болмағанын естідім.