476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Колумбияны улы көбік басты

  • 239
  • UPD: 08:06, 30.06.2022
Колумбияны улы көбік басты

Колумбияның Соача қаласын жауын-шашыннан кейін белгісіз көбік басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Улы әрі жағымсыз иісі бар көбіктің астында 30-ден астам үй қалды. Өрт сөндірушілер аймақты сумен тазартуға тырысып жатыр. Мамандар көбік тасқыннан ағынды судан шығуы мүмкін деп болжап отыр. Нақты ақпарат үшін ғалымдар зертханалық жұмыс жүргізіп, құрамында химиялық заттардың бар жоғын анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы