Маймыл шешегі кімге қауіпті – Швейцария

Маймыл шешегі кімге қауіпті – Швейцария

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне шалдығуы мүмкін қауіпті топтарды анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, инфекция жұқтыру қаупі жоғары топқа жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз адамдар мен балалар кіреді. Бүгінде індет әлемнің 50 елінде анықталған. Эпидемиологтар вирустың тез тарап жатқанына алаңдап отыр. Жағдайдың ушығуына байланысты тесттердің санын арттыру керек дейді дәрігерлер.

Тедрос Адханом, Гебрейесус ДДСҰ басшысы:

– Төтенше жағдай бойынша комитет індеттің ушығуы қоғамдық денсаулық сақтау саласына халықаралық қауіп төндірмейтінін айтса да, мамандар аурудың жер жаһанға таралмауы үшін шұғыл әрекет ету керек дегенді алға тартады. Егер жағдай қиындай түссе, комитет отырысын қайта өткізу керек деген ұсыныс білдірді.