Еуроодақ Ұлыбританияны келіссөзге шақырды

Еурокомиссия Ұлыбританияны Солтүстік Ирландияға қатысты даулы мәселе бойынша келіссөзге шақырды. Бірақ Брюссель «Екіжақты әңгіме екіжақты әңгіме Лондон күткен нәтижеге негізделмеуі керек» деген талап қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еурокомиссияның вице-президенті Марош Шевчович мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Британия парламенті Солтүстік Ирландиямен арадағы сауда-саттық туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Ол құжат бойынша «Брекситтен» шығу кезінде бекітілген біраз ереженің күші жойылмақ. Еурокомиссия «жаңа өзгерістер Еуроодаққа мүше Ирландиямен тауар алмасу бағытында тиімсіз болады» деп қарсы шығып отыр.

Марош Шевчович, Еурокомиссия вице-президенті:

Біз келіссөз жүргізуге дайынбыз. Алайда онда тараптардың мүддесі жан-жақты ескерілуі керек. Мәміле Ұлыбританияның ыңғайына қарай жасалмауы тиіс. Әйтпесе Лондон ұсынып отырған заң жобасы Еуроодақ үшін тиімсіз. Өйткені ол халықаралық құқық пен 2 жыл бұрын ғана қол қойылған ең маңызды келісімдерге қайшы келеді.