Португалияда 500 адам мұхиттарды сақтап қалу керек деген ұранмен ереуілге шықты

Португалияда 500 адам мұхиттарды сақтап қалу керек деген ұранмен ереуілге шықты

Португалияның Лиссабон қаласында 500 адам мұхиттарды сақтап қалу керек деген ұранмен ереуілге шықты. Шараға 200-ге жуық жергілікті және халықаралық ұйым қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акция Португалияда өтіп жатқан мұхит мәселесіне арналған әлемдік конференция басталғанда ұйымдастырылды. БҰҰ мұрындық болған 5 күндік іс-шараға 120 елдің өкілдері мен ғалымдары тартылды. Онда мұхиттардың жай-күйі мен оларға қатысты түйткілдер жан-жақты талқыға түспек. Мамандар мұхит мәселесі бойынша халықаралық келісімге толықтырулар енгізіп, жаңа шешімдер қабылдауы тиіс.