Ресей G20 саммитіне қатысатын болды

Ресей "Үлкен жетілік" саммитіне қатысады.

Бірақ оған нақты кімнің баратыны белгісіз. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльге арнайы шақырту жіберілгенін мәлімдеді.

Айтуынша, Индонезияда қарашада өтетін жиынға Владимир Путиннің өзі қатысуы мүмкін. Әзірге бұл мәселе талқыланып жатыр деді Песков.

Дмитрий Песков, РФ Президентінің баспасөз хатшысы:

- Иә, шақыру қолымызға тиді. Яғни бұл Ресей G-20 құрамында тұр деген сөз. Видодо мырза айтқандай, бұл саммитте негізінен экономикалық мәселелер көтеріледі. Ал экономика туралы Ресейсіз сөз қозғау мүмкін емес.