Нидерланд ғалымдары су айдынын қоқыстан тазалайтын дрон ойлап тапты

Су айдынын қоқыстан құтқаратын құрылғы. Нидерландта осындай дрон пайда болды.

Жоба авторларының айтуынша, су бетінде қалқып жүретін әлгі аппарат өзен-көлдердегі тұрмыстық қалдықтарды жинайды. Осылайша бірте-бірте әлемдік мұхиттарды пластик пен өзге де заттардан тазартуға болады, дейді олар. Электр қозғалтқышы бар құрылғы су бетінде 8 сағат бойы жүзе алады. Оны қашықтан басқаруға болады. Қажет жағдайда автономды режимге көшіруге мүмкіндік бар екен. Сондықтан дронға түрлі елдер қызығушылық танытып отыр дейді ғалымдар. Осы уақытқа дейін құрылғыны Ұлыбритания, Сингапур мен Нигерия сатып алыпты.