НАТО саммиті аяқталды

Мадридте НАТО саммиті аяқталды. Осы отырыста Швеция мен Финляндия 5 шілдеден бастап әскери альянсқа қосылады деп хабарланды.

Сондай-ақ әскери ұйым Украина астығын тасымалдау ісімен айналысады. Жиынға қатысушылар Ресей тарапынан жасалуы мүмкін кез келген әрекетке дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ саммит өтіп жатқан кезде АҚШ пен бірқатар еуропа елдерінде мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Олар альянстың қандай да бір әскери операцияға араласқанына қарсылық білдірген. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг жиында ұйымның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы мақұлданғанын жеткізді.