АҚШ-та жасанды түсікке тыйым салуға қарсы ереуілде 181 адам қамалды

АҚШ астанасында жүздеген белсенді түсік жасату құқығына тыйым салуға қарсы бас көтерді.

Жоғарғы сот ғимаратының жанында 181-ге жуық ереуілші қамауға алынды. Олар жолды жауып, көліктердің жүрісіне кедергі келтіргені үшін ұсталған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Жоғарғы соты 1973 жылы қабылданған, түсік жасатуға рұқсат беретін қаулының күшін жойған болатын. Сарапшылар бұл христиан консерваторлар үшін жеңіс болғанын айтады. Алайда Рейтер агенттігі жүргізген сауалнама бойынша тұрғындардың 71 пайызға жуығы мұндай шешімді қабылдауға билік араласпауы керек деген.

Сондай-ақ...