Шри-Ланкада инфляция рекордтық деңгейге жетті

Бұл инфляция деңгейі маусым айындағы көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен айда жылдық инфляция 54,6 процент болған. Экономистердің айтуынша, елде тауар бағасы ресми статистикадан әлдеқайда жылдам өсіп жатыр. Әсіресе азық-түлік құны. Бұған қоса, бір айдан бері елде жанармай тапшы. Соның салдарынан Шри-Ланкада бірнеше ай бойы наразылық акциялары басылмай тұр.