Жапония шетелден саяхатшыларды қабылдауға дайындалып жатыр

Күншығыс елі өткен айда шекарадағы бақылауды алып тастады. Бірақ әзірге бұл елге тек топпен саяхаттауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Токионың ескі Асакуса ауданында кимононы жалға берумен айналысатын Юсуке Отомо шектеулерді жеңілдетумен туризм жанданатынан сенімді. Саудагер пандемияға дейін бұл ауданда жергілікті тұрғындардан шетелдіктер қарасы көп болғанын айтады.

Юсукэ Отомо, саудагер:

Індет таралған үш жыл бізге де өте ауыр тиді. Әйтеуір жанымды салып кәсібімді сақтап қалдым. Енді шетелдіктер оралып, туризм қайта жанаданар деген үміттемін.

Ресейде де коронаиврусқа қарсы шектеулер жеңілдетіле бастады. Жақында Тұтыншулардың құқықтарын қорғау федералдық қызметі бетперде тағып жүру режимін алып, қоғамдық тамақтану орындарына түнде жұмыс істеуіне рұқсат берді. Сарапшылар ғаламдық туризмнің толық қалпына келуі үшін әлі бірнеше жыл керектігін айтады. Дегенмен сала жандана бастағаны анық. Ресми дерекке сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында әлемде туристердің саны өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 180 процент өскен.

Авторы: Дәурен Ақашұлы