Нүкісте жағдай тұрақталды

Жергілікті билік өкілдері осылай деп хабарлады. Қоғамдық тәртіп қалыпқа келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше қалада мыңдаған адам көшеге шығып, наразылық шеруін өткізген болатын. Халық Өзбекстан билігі қолға алған конституциялық түзетулерге, ондағы Қарақалпақстанның мәртебесін өзгертуге қатысты ұсыныстарға қарсылық білдірген. Алайда елдің ішкі істер министрлігі бұл әрекетті заңсыз деп таныды. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, конституциялық реформаға дұрыс түсініктеме берілмеген.

Айта кетейік, таяуда көршілес елдің басшысы Шавкат Мирзиёев жастар күніне арналған жиында қарақпалпақ халқына деген құрметін жеткізіп, елді дамытуға, өзекті мәселелерін шешуге қосымша қаражат бөлініп жатқанын еске салған болатын. Әрі өзін қарақалпақ халқының да перзенті санайтынын тілге тиек еткен еді.

 

 

 

Сондай-ақ...