Иранда зілзала 5 адамның өмірін қиды

Иранның оңтүстігінде жер сілкінді. Зілзаланың қуаты 6 балдан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ассоушиейтед пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жойқын зілзаладан 5 адам опат болып, 44 тұрғын жарақат алған. Жер асты дүмпулеріне жақын орналасқан елді мекенде 300 адам тұрады. Таң сәріде басталған апаттан аймақтағы инфрақұрылымның тас-талқаны шықты. Қуатты жер сілкінісі көрші елдерде де сезілді. Мамандардың айтуынша кейінгі уақытта бірнеше  рет әлсіз дүмпулер болған.
Айта кетейік, Иран сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналасқандықтан, елде зілзала жиі болып тұрады.

ПЕРУ ЛАЙ КӨШКІНІНЕН 200 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Перудің Уари провинциясында басталған лай көшкіні жергілікті тұрғындарды әуре-сарсаңға салды. Апаттан кемінде 200 адам зардап шеккен. Жүздеген баспана жарамсыз күйге айналды. Далада қалған тұрғындар уақытша лагерьлер мен вокзалдарда түнеп жүр. Қауіпті аймақтардан көшіру жұмыстары жалғасып, жоғалғандар әлі де іздестіріліп жатыр. Аймаққа көмек ретінде жаяу әскердің сарбаздары тартылды. Қазір апат орын алған аймақта жарық пен су жоқ.

ИСПАНИЯДА ӨРТТЕН ТУРИСТЕР ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Испанияда орман өрті өршіп,  курортты аймақтан туристер эвакуацияланып жатыр. Құтқарушылар демалушыларды елдің солтүстік-шығысындағы жағажайға орналастырған. Қызыл жалын 70 гектар орман алқабын тып-типыл етті. Тілсіз жау  жан-жаққа тез тарап барады. Өртті ауыздықтау үшін 350 маман мен авиация жұмылдырылды.

Мен үшін бастан өткен жағдай бір жағынан қызық болды. Үрей сезімі болған жоқ. Бірақ балаларым қатты қорыққан сияқты. Барлығы эмоциияға беріліп жатыр. 

ҚЫТАЙДА «ЧАБА» ТАЙФУНЫ ОЙРАН САЛДЫ

Қытайдың Хайнань мен Гуандун  провинцияларында «Чаба» тайфуны ойран салды. Жергілікті билік бұл өңірлерде қауіптің сарғылт деңгейін жариялады. Синоптиктер жақын арада нөсер жауын жауады деп болжап отыр.  Табиғаттың тосын мінезінен Хайнаньдағы кемежайлардың жұмысы тоқтады. Балық аулуға шыққан 20 мың кеме кері қайтарылды. Ал әуежайда 124 рейс сапарынан қалды. Бірнеше қалада көлік қатынасы тежелді. Айта кетейік, Чаба жыл басынан бері соққан 3-тайфун.

 

 

 

 

Сондай-ақ...