Израиль күштері Жерорта теңізінен үш дронды атып түсірді

Израиль күштері Жерорта теңізіндегі өзінің ерекше экономикалық ауданында үш дронды атып түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшқышсыз аппараттар Ливан аумағынана ұшырылған. Әскерилер дрондарды «Хизбалла» ұйымы екі ел арасындағы даулы аудандағы бұрғылау кешенін барлау үшін ұшырған деп айыптап отыр. «Хизбалла» ақпаратты растағанмен оларда ешқандай қару болмаған дейді.

Айта кетейік, Жерорта теңізіндегі Кариш газ кен орыны үшін екі ел арасында қатынас шиеленіскен. Қос мемлекет те оның өз аумағында орналасқанын айтады.