476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуропада қуаңшылық белең алды

  • 432
  • UPD: 18:21, 03.07.2022
Еуропада қуаңшылық белең алды

Польшадағы аптап ыстықтың соңы қатты желге ұласып, нөсер жауған және су тасқыны болған. Балтық жағалауындағы Гдыня қаласында музыкалық фестиваль ұйымдастырушылары концертті уақытша тоқтатып, адамдарды эвакуациялаған, деп хабарлайды Euronews.

Италияның солтүстігі құрғақшылықтан зардап шегіп жатыр. По өзеніндегі су соңғы 70 жылдағы ең төменгі деңгейіне түскен. Бұл өңірдегі күріш алқабына, мал шаруашылығына қауіп төндіріп тұр.

Шаруалар кәсіподағы елдегі фермерлер 30%-дан астам егінін жоғалту қаупі бар екенін ескертті. Антициклонға байланысты көтерілген температура салдарынан Италия астанасының тұрғындары, жабайы жануарлар зардап шегіп жатыр. Рим зообағының қызметкерлері жануарларға мұздатылған жемістер, ет және балық беріп жатыр.

Апеннин түбегінің көптеген қаласында фонтандар өшірілді.

Верона билігі су үнемдеу үшін шаралар қолданып жатыр. Жаздың соңына дейін қала тұрғындары ауыз суды бақтар мен көкөніс бақтарын суаруға, көлік жуу және бассейндерді толтыру үшін пайдалана алмайды. Тәртіп бұзушыларға 500 еуро айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы