Грузияда соңғы күндері толассыз жауыннан тағы су тасыды

Шелектеп құйған жаңбырдан өзендердің суы ернеуінен асып, кей мекендерді су басқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдарды су шайып, егістік алқаптар бүлінген. Саяхатшылардың ең сүйікті орындарының бірі Мартвиль шатқалы бұрқыраған сарқырамаға айналған. Тасқын жолдағының бәрін тас-талқан етіп шайып кеткен.

Нино Какабадзе, тұрғын:

- Жертөледегі қысқа дайындап қойған азығымның бәрі жарамсыз болып қалды. 2 жыл бұрын тағы да осылай су тасып, биліктен тоғанды биіктетуді сұраған едік. Бірақ бұл жолы су одан да асып кетті.