Данияда сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам жараланды

Данияда сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам жараланды

Дания астанасындағы Field's сауда орталығында атыс болған жерге полиция күші жұмылдырылды. Құқық қорғау органдары бір адамның ұсталғанын хабарлады.

Копенгагендегі Field's сауда орталығында атыс болып, бірнеше адам жараланды. Мұндай мәліметтерді Дания астанасының полициясы жексенбі, 3 шілде күні кешке хабарлады. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бір адам қамауға алынды, деп қосты полиция. Олар тұрғындарды аймаққа келмеуге, ал куәгерлерді құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Қалалық билік пен төтенше жағдайлар қызметі жарияланым кезінде оқ атқандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет бермеді.