Байлардың дәулеті ортайды

2022 жылдың алғашқы жартысында әлемдегі ең бай 500 адамның дәулеті 1,4 триллион долларға азайған.

Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Бай-бағландардың мүлкіне ғаламдық қор нарықтарының күрт құлдырауы әсер еткен. Мысалы, «Тесла» компаниясының басшысы Илон Маск 62 миллиард долларынан айырылса, «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джеф Безос 63 миллиард долларын жоғалтқан. Дегенменғ, Илон Маск әлі де әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Екінші орында Джеф Безос, ал үшінші орынға француз бизнесмені Бернар Арно тұрақтаған.