Копенгагенде атыс болды

Копенгаген қаласындағы сауда орталықтарының бірінде атыс болды.

Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлады. Дерек көздеріне қарағанда бірнеше адам көз жұмған. Жарақат алған азаматтар да бар. Полицейлер осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Атысқа қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталып, қамауға алынды.