Үндістанда оқушылар мінген автобус жардан құлады

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатының Кулу ауданында болған жол апатынынан кем дегенде 16 адам қаза болды.

ТАСС мәліметінше, жолаушылар автобусы биіктен құлаған. Алдын ала болжамға сәйкес, жүргізуші таулы аймақта көлікті басқара алмай қалған.

NDTV арнасы автобуста 40 шақты оқушы болғанын алға тартады. Құтқару жұмыстары жалғасуда.